Назарбаев әуежайы жұмыс істемей қалуы мүмкін

1340

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төніп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Назарбаев әуежайы жұмыс істемей қалуы мүмкін

Бүгінде елде әуе рейстеді авиакеросинмен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындаған. Тіпті әуежай тұрақты әуе рейстерді жанармаймен қамтамасыз ете алмай отыр.

"Биыл қыркүйек-қазанда Қазақстанда отын тапшылығы туындады. Елдегі ірі ресурс ұстаушылары мен жеткізушілері авиаотынды уақытында жеткізе алмай жатыр. Бұл әуежайдың тұрақты жұмыс істеуіне салдарын тигізуде. Бүгінде Ресей Федерациясынан отынды жеткізушілер сұраныстың артуына байланысты Қазақстанға авиакеросинді  жеткізуден бас тартты", – деді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ның баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.

Авиаотынды нақты жеткізуде келісімшарттың болмауы, жанар-жағармайдың қажет көлемде жеткізілмеуі, әуежайдағы резервтің іс жүзінде жұмсалғанын ескере отырып, жолаушыларды мәселеге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Сондай-ақ қыркүйек-қазанда отын тапшылығы мен бағаның күрт өсуіне байланысты 14 мың тонна авиакеросин жеткізілмеген. Осыған байланысты бүгінде резервтегі жанармай таусылған. Air Astana әуе компаниясын есепке алмағанда, барлық авиакомпания отын тапшылығын сезіп отыр.

"Қарашада бірде-бір отын жеткізуші қанша көлемде авиакеросин жеткізетінін растамаған. Алдағы уақытта жаңа келісімшарттар бойынша жанармай 15 қарашада ғана жеткізіледі. Біз жүк рейстеріне жанармай құюға шектеу енгіздік, әрі жақын уақытта оны тоқтатуға мәжбүр боламыз", – деді баспасөз хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу