Назарбаев Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты

513

Тиісті ақпарат Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтында пайда болды. 

Назарбаев Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты Фото: nazarbayev.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Тұңғыш Президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты", – делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін Ресей президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізіндегі Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтқанын жазғанбыз. Сондай-ақ, Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанға көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу