Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.
А.Шпекбаев Агенттіктің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік органдардың бюджетінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ осы үдерісте азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        