Назарбаевтың Атырауда берген тапсырмасы орындалмай жатыр

853

Атырау облысында орналасқан екі балық өсіру зауытын жаңғырту қажет. Олардың тиімділігін тек заманға сай технологияларды пайдалану арқылы арттыруға болады. Бүгін Сенат отырысында Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдаған Ғұмар Дүйсембаев осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Назарбаевтың Атырауда берген тапсырмасы орындалмай жатыр

Сенатордың айтуынша Атырау облысына жұмыс сапарымен барған кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жаңа бекіре зауытын салу мәселесін қарастыруды және бұрыннан бар екі зауытты жаңғыртуды тапсырған. Алайда тапсырма орындалмаған.

"Содан бері зауыттарға жаңғырту және материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін ешқандай қаражат бөлінген жоқ. Сондықтан аталған кәсіпорындар ескірген қондырғыларды пайдаланып, тиімсіз технология бойынша жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр", – деді Ғұмар Дүйсембаев.

Сонымен қатар сенатор зауыттарды мамандармен қамтамасыз етуге және қызметкерлердің жалақыларын көтеруге қатысты проблемаларға назар аударды. Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда персоналдардың қартаюы белең алып барады. Зауыт қызметкерлерінің орташа жасы – 50 жас. Ал жұмысшылардың жалақысы мардымсыз. Сол себепті өз сауалында сенатор облыстағы екі балық өсіру зауыты қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді талап етіп отыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу