Назарбаевтың Лукашенкомен келіссөздер жүргізгенін СІМ құптамайды

1476

Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні түстен кейін телефон арқылы сөйлескен.

Назарбаевтың Лукашенкомен келіссөздер жүргізгенін СІМ құптамайды Фото: Казахстанская правда

Әңгімелесу барысында халықаралық ахуал, аймақтағы жағдай мен Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастары талқыланған.

Қазақстан СІМ Ресми өкілі Айбек Смадияров бұрынғы президентке өзге ел көшбасшыларымен араласуғы тыйым салынбайтынын, бірақ екі ел арасындағы қарым-қатынас қазіргі Мемлекет басшысының құзыретінде екенін еске салды, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз телефон арқылы байланысқандары жайлы хабардармыз. Өздеріңіз білетіндей, Беларусь көшбасшысы біздің бұрынғы Президенттің байырдан келе жатқан досы, серіктесі, әрине, олардың талқылар тақырыптары жетерлік. Алайда еліміздің сыртқы істер мәселесі, шет елдермен қарым-қатынасы тек Қазақстанның іс басындағы көшбасшысы Тоқаевтың құзырында, сондықтан СІМ мұны құптамайды және олардың талқылаған әңгімелері біздің жұмысқа негіз бола алмайды", - деп атап өтті СІМ ресми өкілі.

Тағы бір атап өтетіні, А. Смадияров біздің елдің Беларусьпен қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие екенін атап өтіп, күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоғын, екі ел арасындағы байланыстар тұрақты екенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу