Назым Қахарман түрмеде отырған Қуандық Бишімбаевтан күтпеген "сыйлық" алғанын айтты

775

Құттықтаулардан бөлек оған бұрынғы күйеуінен жаңа сот құжаты да келіп түскен. 

Назым Қахарман түрмеде отырған Қуандық Бишімбаевтан күтпеген "сыйлық" алғанын айтты Фото: коллаж inbusiness.kz

Назым Қахарман өзінің туған күнінде бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевтан күтпеген "сыйлық" алғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы Назым Кахарман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, құттықтаулардан бөлек оған бұрынғы күйеуінен сот хабарламасы да келіп түскен. 

"Бұрынғы күйеуім маған арнайы сый дайындап, оның міндетті түрде таңертең жіберілуін қалаған екен. Осылайша маған сотқа берілген жаңа талап-арыздарды жіберіпті", – деп жазды Назым Қахарман.

Белгілі болғандай, бұл балалардың шетелге шығуына берілген келісімді қайтарып алу және олармен қарым-қатынасты анықтау туралы жаңа арыздар. 

"Мен бұл жағдайға қатты ренжіген жоқпын, себебі мұндайды күткен едім. Мен бұл адамның жасаған ісіне шын өкініп, балаларын алыстан болса да қолдап, көмектесуге тырысып, олардың жағдайына шын қуанса ғана таңғалар едім. Өкінішке қарай, мұндай дүниелер болмайды, ондай адамдар ешқашан өзгермейді. Мен тек өз пікірімді айтып отырмын", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу