Назым Қызайбай бокс қолғабын аукцион арқылы сатуға шешім қабылдады

Қазақстандық спортшы 2025 жылы үшінші мәрте әлем чемпионы атанған сәтіндегі киген шлемі мен қолғабын осылай сатуды құп көрген.  

Назым Қызайбай бокс қолғабын аукцион арқылы сатуға шешім қабылдады Фото: ҰОК

Боксшы бұл заттардың өзіне тым ыстық екенін айтып, түпнұсқасы екендігіне сендірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, бокстан 3 дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай спорттық карьерасындағы маңызды заттарын сатқалы жатқанын хабарлаған. 

– Үш дүркін әлем чемпионы атанған сәтімдегі шлем мен қолғапты шығарып отырмын. Түпнұсқа. Қолтаңба. Аукцион басталды. Чемпиондық тарихымның бір бөлігіне кім жоғары баға береді? – деп жазды әлеуметтік желіде Назым Қызайбай.

Еске салайық, ол – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанса, 2021 жылғы Азия чемпионы болды. Бірнеше мәрте Қазақстан чемпионатын да бағындырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу