NCOC теңіздегі кеме қатынасының жобасын әзірледі

1264

Қашаған кен орнының операторы – NCOC компаниясы теңіздегі өндіріс объектілерін қауіпсіз пайдалану үшін кеме қатынасын реттейтін жобаны әзірледі.

NCOC теңіздегі кеме қатынасының жобасын әзірледі

Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, Қашаған кен орнындағы теңіз объектілері орналасқан аудандағы судың таяздануы кемелерді пайдалану мүмкіндігін шектеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

"Бұл жағдай теңіздегі өндіріс объектілерін қауіпсіз пайдалануға, Қазақстандағы ең ірі (мұнай және газ – автор) кен орнындағы өндірістің тоқтап қалу қаупін тудырды", - деп жазылды NCOC компаниясы таратқан хабарламада.

Осыған байланысты компания теңіздегі кеме қатынасын реттейтін жобаны әзірлеген.

"Оны қысқа мерзімде жүзеге асыруға болады. Жоба төтенше жағдайда қызметкерлерді эвакуациялауға, теңіздегі объектілердің үздіксіз жұмыс істеуіне, әрі 2022 жылдың жоспардағы жұмыстарын алдын ала жүргізуге мүмкіндік береді", - деп жазылды хабарламада.

Жобаның ауданы – 29 км2. Бұл Солтүстік Каспий жалпы ауданының 0,036%-нан аспайды. Жоба ҚР Құрылыс нормалары мен ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген, оны жүзеге асыру барысында заманауи технологиялар пайдаланылады. 

Айта кетейік, Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орны. Оны игеру 2016 жылдың 1 қарашасынан басталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу