Неге теңге бағамы құлдырай бастады?

4890

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық ашылғалы бері доллар бағамы 4,3 теңгеге өсіп, 434,3-ке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Неге теңге бағамы құлдырай бастады?

Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы мұнай бағасының төмендеуі аясында әлсіреді. Бұл ретте Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 1,93% арзандап, 114,05 долларды құрады. Енгізіліп жатқан эмбаргоға байланысты Ресейдегі өндіріс азайса, Сауд Арабиясы мұнай өндіруді арттыруға дайын. Бұл шешімге ЕО ресейлік мұнайға эмбарго жариялағаннан кейін саудиялықтардың жақында барреліне 120 доллардан асқан мұнай нарығындағы бағаны "бақылауға" ұмтылуы себеп болуы мүмкін.

Ал Мәскеу биржасындағы 1 маусымдағы сауданың қорытындысы бойынша рубльдің АҚШ долларына шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгермей, бар болғаны 0,36%-ға нығайып, 61,28-ге жетті.  

"Осылайша, біз теңге бағамының ағымдағы қозғалысы негізінен мұнай нарығындағы баға динамикасына байланысты деп есептейміз. Бірақ Мәскеу биржасында сауда-саттық ашылғаннан кейін жағдай күрт өзгеруі мүмкін", – деп жазды tengenomika телеграм арнасы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу