Негізгі капиталға салынған инвестиция 25,3 пайызға артты

781

Негізгі капиталға салынған инвестиция 25,3 пайызға артты

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар 25,3%-ға артты, деп хабарлайды abctv.kz.

Инвестициялардың ең көп өсуі өнеркәсіп өндірісінде (31,2%-ға), жылжымайтын мүлікпен операциялар (41,4%), көлік (36,1%) және құрылыс (37,6%) салаларында тіркелді. Инвестициялардың елеулі үлесі әлі де өнеркәсіптік секторға бағытталған (барлық инвестициялардың 62%-дан астамы). Ал инвестициялардың 26%-дан астамы жылжымайтын мүлікпен операцияларға, сондай-ақ көлік және қоймаға тиесілі.

Аймақтық контексте инвестициялардың көлемі бойынша Атырау облысы мен Астана (барлық инвестициялардың 50%-ы) көшбасшы болып тұр, ал инвестицияның ең аз көлемі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың 47%-дан астамы шикізаттық емес секторға бағытталды (бюджеттік инвестицияларды қоспағанда). Инвестициялардың жалпы көлемінде ішкі инвестициялардың үлесі 69,3%, ал сыртқы инвестициялардікі 30,7% құрады. Кәсіпорындардың меншікті қаражаты қаражатты қаржыландырудың негізгі көзі болып қалуда

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу