Негізгі капиталға салынған инвестиция 9 миллиард теңгеге жуықтады

692

Негізгі капиталға салынған инвестиция 9 миллиард теңгеге жуықтады

Елімізде негізгі капиталға салынған инвестициялар соңғы 10 айда 9 млрд теңгеге жуықтады. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 20,8 пайызға жоғары, деп хабарлайды Atameken Business.

Есептік кезеңде  инвестициялардың негізгі көздері шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты болып отыр. Оның көлемі - 6 млрд теңгеден астам. Аталмыш сала бойынша, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары мен саймандарды алуға және олардың күрделі жөндеуіне бағытталған инвестиция 11,1%-ға ұлғайған. 

Ал, инвестициялау үшін басым салалар кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, көлік және қоймалау және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар болып отыр. Бұл бағытта ірі кәсіпорындардың инвестициясы 5 млрд теңгеге жуықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу