Неймар қазақстандықтарды "Neymar Jr's Five!" турниріне қатысуға шақырды

801

Неймар қазақстандықтарды "Neymar Jr's Five!" турниріне қатысуға шақырды

Биыл Неймар бірінші рет қазақстандықтарды "Neymar Jr's Five!" бірегей халықаралық футбол турниріне қатысуға шақыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан тұңғыш рет 5х5 форматындағы ғаламат халықаралық футбол турниріне қатысқалы жатыр. Ұлттық іріктеу турнирі үш қалада өтеді: Астана, Алматы және Ақтөбе. Турнирге әуесқой ретінде де, кәсіпқой ретінде де 16 жастан 25 жасқа дейін қатыса алады (командаға сонымен қатар 25 жастан 28 жасқа дейінгі екі ойыншы да жіберіледі).

Футбол – Қазақстандағы ең танымал спорттың түрі, ал Neymar Jr's Five турнирі – бұл жас ойыншыларды біріктіру әрі қазақстандықтардың ойын тәжірибесін жаңа деңгейге көтеруге себеп болмақ. Сондай-ақ, еліміздің барлық түкпіріндегі футболшылар өздерінің қолынан не келетіндерін көрсететін кезі келді.

Neymar Jr's Five – Бразилия құрамасының капитаны Неймар жасап шығарған динамикалық форматтағы бірегей халықаралық футбол турнирі. Ерекше формат – турнирді жылдам әрі футбол әлемін техникалық жағынан байыта түседі. Әлемнің 60-тан астам елінің 160 мыңдай ойыншысы осы он минуттық матчта сайысқа түсіп жатады. Әр жолы бір команда жеңіп жатса, қарсылас жақ ойыншысынан айрылып жатады. Осылайша соңғы футболист қалмайынша ойын 10 минутқа дейін жалғаса береді. Командада небары 5 негізгі ойыншы, 2 артық ойыншы болады.

"Бұл турнир менің балалық шағымды еске түсіреді, оны мақтаныш етемін. Мини-футболда барлығын жеңіп шығу үшін қай кезде шабуыл жасап, қорғану керек, сол ұрымтал сәтті түсіне білетін стратегия керек. Жақсы қорғаныс та команданың турнирде ұзаққа баруына көмектеседі", – деп түсіндірді кіші Неймар.

Ұлттық финал Астанада 30 сәуір күні өтеді, онда Қазақстанның ең үздік деген 16 командасы 29 маусым күні Бразилиядағы Прая Грандеде өтетін әлемдік Neymar Jr’s Five финалына жолдама алу үшін жарысқа түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу