Неке қиюға мәжбүрлеу қылмыс саналады – Айжан Аймағанова

529

Бұдан былай қыз алып қашу немесе некеге мәжбүрлеу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Неке қиюға мәжбүрлеу қылмыс саналады – Айжан Аймағанова Фото: kazpravda.kz

Бұл туралы прокурор Айжан Аймағанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы қылмыстарға "нөлдік төзімділік" қағидатын қамтамасыз ету үшін Қылмыстық кодекске бірқатар өзгеріс енгізген.

Енді күштеп, қорқытып немесе қысым көрсетіп некеге тұру әрекеті ҚК-нің 125-1-бабымен қарастырылады.

Жаңа нормаға сәйкес, мұндай әрекет үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ал егер ол ауыр зардаптарға әкелсе, кінәлілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу