Неліктен жерді пайдалануды бақылау функциялары АШМ құзыретіне қайтарылды?

923

2014 жылдан бастап бұл мәселемен облыс әкімдіктері айналысып келген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, ҚР Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Неліктен жерді пайдалануды бақылау функциялары АШМ құзыретіне қайтарылды?

"Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функциялары АШМ құзыретіне қайтарылды, 2014 жылдан бастап бұл мәселемен облыс әкімдіктері айналысты. Алайда жер қатынастары басқармалары мен жер инспекциялары бір мемлекеттік органның құрамына кіргендіктен, белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысы туындады", – деді спикер. 

Мұрат Теміржановтың сөзінше жоғарыда аталған фактіге 2021 жылғы 19 наурыздағы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмасына сәйкес құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссия назар аударған. 

"Осылайша, 2021 жылғы 30 маусымда жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша, оның ішінде жерді ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды көздейтін заңға қол қойылды және қабылданды. Жер беру жөніндегі функциялар әкімдіктерде қалды, ал әкімдіктердің жерді беруі мен пайдалануын және жерді меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың аумақтық департаменттер құру арқылы пайдалануын бақылау жөніндегі функциялар ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне берілді", – деп атап өтті спикер.  

Аумақтың департаменттер барлық 14 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада құрылған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу