Неміс футболшыларының қызғылт жейдесінің сатылымы рекорд жаңартты

252

Германия құрамасы Adidas жейделерімен үш әлем чемпионатында және екі Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.

Неміс футболшыларының қызғылт жейдесінің сатылымы рекорд жаңартты Фото: AP 2023

Футболдан Германияның қызғылт жейдесі ұлттық құрама тарихындағы ең көп сатылған жейде ретінде тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Әу баста жейдеде мемлекеттік тудағы түстердің жоқтығы жергілікті жанкүйерлерді елең еткізген еді. Тіпті, кез келген команданың сырт алаңда киетін жейделерінде болатын жасыл түстің болмауы да түсінбеушілік тудырған болатын. Десе де, Германия футбол қауымдастығы бұл жейде таныстырылған сәттен бастап Еуропа чемпионаты басталғанға дейін тарихтағы ең көп сатылған жейделердің рекордын жаңартқанын растап отыр.

Биыл наурызда жейденің таныстырылымы кезінде Германия футбол қауымдастығы басшылығы: "Бұл жейде неміс жанкүйерлерінің жаңа "ұрпағына" арналған және Германияның әртүрлілігін көрсетеді", деген еді.

Еуро-2024 додасы Германия құрамасының техникалық демеушісі болып табылатын Adidas ұжымының соңғы жарысы екенін атап өткен жөн. 2027 жылдан бастап Nike немістердің жаңа демеушісі болады. Сәйкесінше, жейде де өзгеруі мүмкін.

Германия құрамасы Adidas жейделерімен үш әлем чемпионатында және екі Еуропа чемпионатында жеңіске жетті. Компания 1954 жылдан бері Германия құрамасының ресми техникалық демеушісі.

Естеріңізге салсақ,бұған дейін Adidas Германия футбол командасының формасындағы 44 нөмірінен бас тартқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу