Неміс компаниялары Қазақстанда литий өндіру бойынша консорциум құруда

204

Бұл елімізде литий өнеркәсібін дамытудың жаңа перспективаларын ашады.

Неміс компаниялары Қазақстанда литий өндіру бойынша консорциум құруда Фото: freepik.com

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Германияға жұмыс сапары аясында GP Günter Papenburg AG компаниясының бақылаушы кеңесінің мүшесі Манфред Грундкемен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар өткен жылдағы мемлекеттерінің экономикалық көрсеткіштерімен бөлісті, Қазақстан мен Германияның ағымдағы экономикалық жетістіктерін талқылады, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және маңызды материалдарды жеткізу тізбегін дамытуға өзара мүдделілік танытты. Жер қойнауын пайдалану және бірлескен кәсіпорындар құруға, егжей-тегжейлі ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, литий өндірісі саласындағы ынтымақтастықтың маңызды аспектісі талқыланды. "Knauf Gruppe", "GP Gunter Papenburg AG", "Roxtec" жетекші компаниялары, сондай-ақ Неміс литий институты (ITEL) консорциум құру үшін күш бірікті. Бұл қадам Қазақстанның кен орындарын негізге ала отырып, литийді игеру мен өндіруге бағытталған, бұл елімізде литий өнеркәсібін дамытудың жаңа перспективаларын ашады.

"Сондай-ақ, тараптар литий өндіру және пайдалану саласындағы ынтымақтастық әлеуетін зерттеуге бағытталған мамандандырылған жұмыс тобын құру туралы келісімге келді. Сонымен қатар, талқыланған бастамаларды сәтті жүзеге асыруға негіз болатын жол картасын әзірлеу перспективасы қарастырылды.

Манфред Грундке GP Günter Papenburg AG компаниясындағы рөлінен басқа, сонымен қатар Германия экономикасының Шығыс комитеті Басқармасының мүшесі және Орталық Азия мемлекеттерінің спикері, бұл оның Германия мен Орталық Азия елдерінің экономикалық байланыстарын дамытудағы маңызды рөлін атап көрсетеді", - делінген хабарламада.

GP Günter Papenburg AG компаниясы 1963 жылы құрылыс материалдарын сатудан бастаған, бүгінде 61 еншілес және бір өндірістік бөлімшесі бар. Компания шикізат өндіру, құрылыс материалдарын өндіру, құрылыс және логистика сынды кең ауқымды қызметтерді атқарып, нарықтағы маңызды ойыншыға айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу