Неміс компаниясы Жетісу жерінде қой етін өңдейтін зауытты іске қосады

1036

Неміс компаниясы Жетісу жерінде қой етін өңдейтін зауытты іске қосады

Германия  нарығының 25% етпен қамтамасыз етіп отырған "BaumanGmbh&COKG" компаниясы Жетісу жерінде қой етін өңдейтін зауытты іске қосады, деп хабарлайды abctv.kz.
Алматы облысының әкімі "BaumanGmbh&COKG" компаниясының Жетісуға қой етін өңдейтін зауыт салып беру туралы ұсынысын қабылдады. 
"Ет өңдеу кешені құрылысының толыққанды жүзеге асуы біз үшін аса маңызды. Сондықтан шетелдік компанияға қолымыздан келгенше жағдай жасаймыз. Зауыт салынатын аумаққа электр, жылу, газ, кәріз жүйелерін тартып береміз", – деді инвесторлармен кездескен кезде өңір басшысы Амандық Баталов.

Инвестициялық жобаның жалпы құны 7,1 млрд теңге. Бірінші кезеңде жылына 15 мың тонна, екінші кезеңде жылына 30 мың тонна өнім өндіріледі. Зауытта 700  адам жұмыс істейтін болмақ.

"Жобаның алғашқы кезеңі 2017-2018 жылдары жүзеге асады. Келесі жылдан бастап зауыттың өнімі ішкі нарықпен қатар сыртқы нарыққа жөнелтіле бастайды. Бір жылда бір миллионға жуық қой етін өңдеуді жоспарлап отырмыз",-деп сендірді "BaumanGmbh&COKG" компаниясының бас акционері Райнер Бауман. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу