Неміс сарапшысы Қазақстандағы реформаларды тәуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды өзгерістердің бірі деп бағалады

334

Ол жаңа сайлау жүйесі халықтың демократиялық үдерістерге қатысуына тың серпін беретінін айтты. 

Неміс сарапшысы Қазақстандағы реформаларды тәуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды өзгерістердің бірі деп бағалады

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар елдің тәуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды саяси жаңғыру кезеңдерінің біріне жол ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Берлин Сенатының бұрынғы ресми өкілі, заңгер және саясаттанушы Михаэль-Андреас Бутц осындай пікір білдіріп, конституциялық өзгерістердің мәні ең алдымен азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін кеңейтуде екенін атап өтті. Ол жаңа сайлау жүйесі халықтың демократиялық үдерістерге қатысуына тың серпін беретінін айтты.

"Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жүзеге асырылған ең ауқымды реформалардың бірі. Оның негізгі бағыттарының бірі – жаңа сайлау жүйесі арқылы азаматтардың демократиялық процестерге қатысу мүмкіндігін кеңейту", – дейді Михаэль-Андреас Бутц.

Неміс сарапшысы конституциялық жаңғырудың тағы бір маңызды қырына назар аударды. Бұл – жергілікті өзін-өзі басқарудың дербестігін арттырып, өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту. Оның ойынша, жергілікті билік өкілеттіктерінің кеңеюі муниципалитеттердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады.

"Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігі кеңейіп келеді. Бұл муниципалитеттерге инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптастырады", – дейді сарапшы.

Михаэль-Андреас Бутц Қазақстандағы конституциялық өзгерістерді елдің ұзақ мерзімді даму бағдарымен сабақтастырады. Ол реформалардың ауқымы мен мазмұнына баға бере отырып, Қазақстанның жаңғыру қарқынын аймақтағы өзге мемлекеттермен салыстырды. Сарапшының пікірінше, мемлекет таңдаған реформалар бағыты Қазақстанның өңірлік кеңістіктегі прогрессивті ұстанымын айқындай түседі.

"Бұл өзгерістер Қазақстанның жаңғыру бағытын ұстанып отырғанын көрсетеді. Бүгінде Қазақстан барлық көршілес мемлекеттеріне, соның ішінде батыстағы және шығыстағы екі ірі көршісіне қарағанда анағұрлым прогрессивті", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу