Непалда апатқа ұшыраған ұшақтың қайда құлағаны анықталды – БАҚ

664

Бортта 22 адам болған.

Непалда апатқа ұшыраған ұшақтың қайда құлағаны анықталды – БАҚ

Непал әскері бір күн бұрын апатқа ұшыраған ұшақтың қайда құлағанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Іздестіру-құтқару операциясы барысында әскерлер ұшақтың құлаған жерін тапты", – деді әскер өкілі Нараян Силвал.

Ол Twitter-де тау баурайында шашылып жатқан ұшақтың бөлшектері мен борт нөмірінің фотосын жариялады.

Айта кетейік, ұшақ Tara Ahа жеке авиакомпаниясына тиесілі. Ол жексенбіде Покхара туристік қаласынан ұшып, Джомсқа бет алған. Ұшақпен байланыс 20 минут соң үзілген.

Бортта Непалдың 16 азаматы, Үндістанның 4 азаматы, Германияның 2 азаматы болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу