Непалда муссон маусымында 43 адам қаза тапты

168

Бұл туралы елдің Табиғи апаттар қаупін азайту және бақылау жөніндегі ұлттық басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Непалда муссон маусымында 43 адам қаза тапты Фото: Anadolu Ajansı

Непалда мамыр айының соңынан бері жалғасып жатқан муссон маусымы кезінде 43 адам көз жұмды, 116 адам жарақат алды. 

Сәрсенбі күні кешке жарияланған мәліметке сәйкес, муссон жаңбырлары салдарынан ел аумағында 569 табиғи апат тіркелген. Оның ішінде 16 адам із-түссіз жоғалған.

Ең көп адам шығынына су тасқыны себеп болған – 15 адам қаза тауып, жеті адам жараланған. Екінші орында – найзағай: 14 адамның өмірін қиып, 95 адамды жарақаттаған. Көшкін салдарынан тағы 14 адам мерт болған.

Айта кетейік, Непалда муссон маусымы әдетте қазан айының басына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу