Непалдың министрлері тікұшақпен эвакуациялануға мәжбүр болды

Бұл туралы Times of India басылымы жазды.

Непалдың министрлері тікұшақпен эвакуациялануға мәжбүр болды Фото: Бейнежазбадан

Непалдағы жаппай наразылықтардан соң министрлер мен олардың отбасын құтқару үшін әскери тікұшақтар көмекке келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған бейнелерден шенеуніктерді жерден әскери тікұшақтарға арқандарымен көтеріп жатқанын байқау қиын емес. Осы әдіс арқылы олар наразылық білдірушілердің төпелеуінен құтқарылуда. 

Видеода жаппай шеру жасаушылардың Қаржы министрі және Сыртқы істер министрі Арзу Рана Деуба мен оның күйеуі, бұрынғы премьер-министр Шер Бахадур Деубаға шабуыл жасалған сәті анық таспаланған. 

Айта кетейік, кеше Непал Үкіметіне уақытша басшы келгенін жаздық. 

Сондай-ақ, Непалдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 15 мың адам түрмеден қашып кеткені де белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу