Несие алып Ресейге барған шаруалар мал алып қайта алмай отыр

689

Оған себеп-Ресеймен шекарада карантиннің жариялануы.

Несие алып Ресейге барған шаруалар мал алып қайта алмай отыр

Ақтөбелік шаруалар Ресейден асыл тұқымды ірі қара мал жеткізе алмай отыр. Оған себеп-Ресеймен шекарада карантиннің жариялануы, деп хабарлайды Atameken TV. 

"Сыбаға" бағдарламасымен шаруа қожалықтары ірі қара мал басын көбейтпек болған.  Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының қарауына фермерлер 28 өтініш қалдырыпты. 

8 өтініш құпталып, несиелерін алған ақтөбелік шаруалар Самара, Орынбор, Челябі облыстарынан асыл тұқымды ірі қара мал алып қайтуға барған еді. Барлығы 1270 бас асыл тұқымды сиыр жеткізілуге тиіс. Алайда, Ресейдің көршілес өңірлерінде малдан анықталған сарып, дерматит секілді ауруларға байланысты карантин жарияланған.  Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі осыған орай  ірі қара мал кіргізуге шектеу қойды. Салдарынан ақтөбелік шаруаларда мал да жоқ, ал несиелерін қайтаруы  қажет. Бұл іске қазір жергілікті кәсіпкерлер палатасы араласып жатыр. Агроөндіріс кешені мамандары Ақтөбе шаруаларының шығындарын өтеу үшін ауыл шаруашылық министрлігіне жолдаухат әзірлеп жатыр

 "Бізге 28 шаруадан арыз түсті. Олар ірі қара мал басын көбейту мақсатында несие алған. Енді Ресей қалаларында карантин жарияланып, шекарадан өткізбей отыр. Біз бұл мәселені шешу мақсатында еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдадық. Кәсіпкерлердің жартысы мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алған. Мал басын көбейтпесе де ай сайынғы төлемдері жүріп жатыр", - дейді Ақтөбе облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Владимир Ким.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу