Несиеге алған көлігі суға кеткен қазақстандықтарға көмек беріле ме?

393

Бүгінгі таңда тасқыннан зардап шеккендердің қарызын қайта құрылымдау мәселесі қаралып жатыр. 

Несиеге алған көлігі суға кеткен қазақстандықтарға көмек беріле ме? Фото: видео скриншот

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-министрдің сөзінше, барлығына несие бойынша көмек көрсетілетін болады. 

"Барлығына көмек көрсетіледі. Несие төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайда көмек болады. Қарызды қайта құрылымдау мәселесі де қаралып жатыр. Сондай-ақ Қаржы министрлігі салық міндеттемелерін 1 шілдеге дейін кейінге қалдыру туралы бұйрықты қабылдады", – деді вице-министр. 

Тілшілер несиеге алынған көлік суға кеткен қазақстандықтар қандай көмек алатынын нақтылады.

"Агенттік арқылы бұл мәселелер жеке қаралатын болады. Көмек толық көлемде көрсетіледі", - деп қысқа қайырды ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу