banner

Несиелері Сбербанк-тен Halyk Bank-ке өткен кәсіпкерлер үшін маңызды ақпарат

5689

2022 жылғы 13 сәуірде "Сбербанк" АҚ" ЕБ мен Halyk Bank арасында ШОБ секторындағы шамамен 7500 кәсіпорынның қарызы бойынша мәміле жасалды. Оның шарттарына сәйкес, Halyk Bank-ке жалпы көлемі 105 млрд теңге СберБанк Қазақстанның сапалы коммерциялық портфелінің бір бөлігі және "Даму" қорының мемлекеттік бағдарламалары бойынша 4,9 млрд теңге сомаға берілген кредиттердің үлесі көшті.

Несиелері Сбербанк-тен Halyk Bank-ке өткен кәсіпкерлер үшін маңызды ақпарат

Менің кредитімнің шарттары өзгере ме?

Қарыз бойынша барлық шарттар – өтеу күні, төлемдер кестесі, сома және пайыздық мөлшерлеме – өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Halyk Bank облыстық филиалының орталық кеңсесіндегі ШОБ кредиттік бөліміне жүгіну арқылы ақпарат алуға болады.

Кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді қашан төлеуім керек?

Halyk Bank кәсіпкерлерге сәуір және мамыр айларына арналған жоспарлы ай сайынғы төлемдерді 2 айлық кейінге қалдыруды ұсынады, сондықтан ай сайынғы төлемдерді Halyk шотына 2022 жылғы 12 маусымнан кешіктірмей төлеу қажет болады, содан кейін өтеуге ақша автоматты түрде есептен шығарылады. Қолданыстағы кестеде көрсетілген өтеу сомасы өзгермейді.

Кредиттерді өтеу үшін Halyk Bank-те шот ашып, оған ақшалай қаражат салу қажет. 2022 жылғы 13 сәуір мен 11 маусым аралығындағы кезеңде ешқандай айыппұлдар мен өсімпұлдар өндіріп алынбайды.

Несие бойынша деректерді қалай және қайда көруге болады?

Қарыз алушылар өз кредиті бойынша деректермен Onlinebank бизнеске арналған ең жақсы сервисте – Сбербанк Қазақстан төлем кестесін Halyk Bank-ке техникалық көшіру аяқталғаннан кейін веб нұсқада да, мобильді қосымшада да таныса алады. Бұл процесс 2022 жылғы 12 маусымнан кешіктірмей аяқталады. Сондай-ақ қарызыңыз бойынша ақпаратты банктің байланыс орталығы арқылы 9595 телефоны арқылы алуға немесе несие менеджерінен мәліметтерді нақтылауға болады.

Қарызды өтеу үшін шотты қалай және қайда толтыру керек?

Есеп айырысу шотын толықтыру шоттың деректемелеріне қарапайым қолма-қол ақшасыз ақша аударымымен жүргізіледі. Сондай-ақ қарыз бойынша өтеу үшін Halyk Bank облыстық филиалдарының орталық офистерінде шотты қолма-қол ақшамен толықтыруға болады. Сонымен қатар Halyk Bank-тегі ағымдағы шотқа ақша аудару арқылы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған төлем терминалдарын пайдалануға болады. Сондай-ақ 2022 жылғы 12 маусымға дейінгі мерзімде кредитті өтеу үшін Сбербанк Қазақстан шотында ақшасы бар клиенттерге Halyk Bank-тегі өз шотына ақша қаражатын аудару қажет. Бұл жағдайда есептен шығару сіздің өтеу кестеңізге сәйкес көлемде және мерзімде автоматты түрде жүргізіледі.

Егер менде Halyk Bank-те есеп айырысу шотым болмаса?

Өзінің кредиттік міндеттемелерін орындау үшін кәсіпкер Halyk Bank-те шот ашуы қажет. Ол үшін:

ЖК (жеке кәсіпкерлер) шотты қашықтықтан аша алады. Ол үшін оларға Onlinebank бизнеске арналған мобильді қосымшаны жүктеу, тіркеуден өту және өз шотын бірден пайдалануды бастау қажет.

ЖШС және ШҚ (шаруа қожалықтары) иелері шот ашу үшін заңды тұлғаларға арналған Halyk Bank бөлімшелерінің біріне келесі құжаттармен келуі қажет, бұл ретте банкте жақын арада ЖШС үшін шотты қашықтан ашу мүмкіндігі іске асырылатын болады.

Егер менде Halyk Bank-те шотым болса?

Шоты бар адамдар оны іске қосуы керек.

ЖК және ШҚ үшін шоттың мәртебесін тексеру үшін Onlinebank қосымшасын жүктеу, тіркеуден өту және бизнеске арналған сервистің кең мүмкіндіктерін пайдалануды бастау қажет. Бұғаттар мен басқа да шектеулер болған жағдайда Halyk Bank байланыс орталығына 9595 телефоны бойынша хабарласу қажет.

ЖШС және ШҚ үшін ЖШС/ШҚ ағымдағы шотының нөмірін Onlinebank арқылы, "шоттар бойынша деректемелер" қосымша бетінен білуге болады. Егер кәсіпкерде Onlinebank белгіленбесе немесе ЭЦҚ-кілттің қолданылу мерзімі өтіп кетсе, Halyk Bank заңды тұлғаларға арналған бөлімшесіне жүгіну қажет.

Ағымдағы шотыма қызмет көрсету кезінде менде қандай тарифтер болады?

Банкте бизнестің әр бағыты үшін тиімді тарифтік пакеттері бар. Шотты ашқан кезде банк Сізге ай сайынғы, жартыжылдық немесе жылдық топтаманы ұсынады, бұл ретте Сіз мобильді қосымшадағы немесе Onlinebank веб-нұсқасындағы басқа шарттарға өз бетінше ауыса аласыз.

Мен қарызымды мерзімінен бұрын өтей аламын ба?

Егер сіз кредитті мерзімінен бұрын өтегіңіз немесе өзіңізде бар бос лимиттерді игергіңіз келсе, Halyk Bank облыстық филиалдарының орталық офистерінің ШОБ кредит бөліміне өтінім беруіңіз қажет және 3-5 жұмыс күні ішінде сіздің өтініміңіз өңделетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу