Несиелік қарызы барлар жұмысқа қабылданбауы мүмкін

1222

Енді елімізде жұмысқа орналасар кезде адамның несиелік тарихы тексерілмек. 

Несиелік қарызы барлар жұмысқа қабылданбауы мүмкін

Енді елімізде жұмысқа орналасар кезде адамның несиелік тарихы тексерілмек. Егер адамның төленбей қалған кредиті анықталса оны жұмыс беруші қабылдамауы мүмкін. Бұл туралы бірінші кредиттік бюроның басшысы Асем Нұрғалиева мәлімдеді.

Оның айтуынша несиелік тарихты тексеру жұмысқа тұрушы адамның келісімімен ғана жасалады. Бұл жерде басты екі талап бар. Біріншісі – несиенің бар жоғы және несиелік тарихтың қандай екені тексеріледі. Қазір мұндай үрдіс кейбір ірі гипермаркеттерде қолданылып келеді екен.

Айта кетсек, бірінші кредиттік бюроның мәліметі бойыншы бүгінгі күні қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 6 трлн-нан асқан. Яғни, бір жылдық өсім 15 пайызға тең. Бір адамға шаққандағы орташа кредит көлемі 410  мың теңгеге жуықтаған. Ал, бизнес несиелер болса 17,2 трлн құрайды. Мерзімінен кешіккендердің саны 14,1 % екен. Кепілсіз, автонесие және ипотекалық қарыздарға халықтың сұраныс жоғары.

Мамандардың айтуынша, несиелендіру көлемі артқанымен, қайтарылмаған қарыздар азаймай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу