Несиелік серіктестіктен шығу тәртібі жеңілдеді

1230

Бұрын жаңа қатысушыны қабылдау немесе шығару үшін несиелік серіктестіктің барлық мүшелерін жинау қажет еді. 

 Несиелік серіктестіктен шығу тәртібі жеңілдеді

Фермерлердің өтініші бойынша несиелік серіктестіктеріне кіру және шығу рәсімдерін барынша қарапайым ету үшін заңнама өзгертілді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға биылғы жылдың 28 қарашасында қол қойды. Жаңа заңға сәйкес несиелік серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысында жаңа мүшелерді қабылдау (шығару), сондай-ақ несиелік серіктестіктің Жарғысын өзгерту немесе жаңа редакцияда бекітуге құқық береді.

Бұрын жаңа қатысушыны қабылдау немесе шығару үшін несиелік серіктестіктің барлық мүшелерін жинау қажет еді. Бұл ұзақ уақытқа созылатын. Енді жаңа заңға сәйкес осындай рәсім несиелік серіктестік басқармасының құрамына кіретін бірнеше адамның қатысуымен қысқа мерзімде жүзеге асады.

Айта кетсек, несиелік серіктестіктері – бұл ҚР Ұлттық банкінің лицензиясынсыз несиелеуді жүзеге асыратын қаржы кооперативтері. Бұл бірлестіктер тек өз қатысушыларына несие береді. Олардың мақсаты – оңтайлы шарттар арқылы өзара қаржылық көмек көрсету. Бұдан басқа, несиелік серіктестіктер тапқан пайданы өз қатысушыларына дивиденд түрінде қайтарады.

Елімізде несиелік серіктестіктер 2011 жылдан бері жұмыс істейді. АӨК саласында олардың саны 200-ден, ал несиелік серіктестіктерге қатысушылардың жалпы саны 20 мың ауыл шаруашылық өндірушілерден асты. Қазіргі уақытқа дейін НС арқылы 300 млрд теңгеге 40 мыңнан астам несие берілді. Бүгінгі күні несиелік серіктестіктер "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы қаржыландырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу