Несиені өндіріп алудың жеке стратегиясын әзірлейтін компаниялар тізілімі жасалады

505

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп жазды inbusiness.kz.  

 Несиені өндіріп алудың жеке стратегиясын әзірлейтін компаниялар тізілімі жасалады

Оның сөзінше, агенттік арнайы сервистік компаниялар тізімін жасайды.

"Стрестік активтерді басқаратын компаниялар мынадай қызметтерді көрсетеді: қарыз шарты туралы ақпаратты жинау, өңдеу, есепке алу, әкімшілендіру, талдау, оның орындалуын мониторингтеу. Сонымен қатар, жеке инвестор мен борышкер арасында одан әрі бірлескен қызмет үшін келіссөздер процесін құруды, борышкермен және оның өкілімен және қарыз алушы міндеттемелерімен байланысты үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау. Бұған қоса қайта құрылымдауды ұйымдастыру - қарыз алушының қызмет көрсетуі бойынша орын алған немесе күтілетін қиындықтарын шешу мақсатында қарыз шарттарының тәртібі мен талаптарын өзгерту және т.б. Сервистік компаниялардың функционалдары тиісті тәжірибесі мен құзыреті бар банктердің стресстік активтерімен басқару жөніндегі еншілес ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге беріледі", – деді спикер.

Сондай-ақ заң аясында сервистік компаниялар үшін капитал мөлшері, нарықтағы жұмыс тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделінің болуы және қадағалау шаралары мен санкцияларының болмауы жөніндегі жоғары талаптар белгіленеді.

Агенттік белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялар тізілімін жүргізіп, олар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

Бұл қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетігі.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу