Netflix балаларға арналған TikTok аналогын іске қосады

1223

Балалар күніне 20 видео қарай алады.

Netflix балаларға арналған TikTok аналогын іске қосады

Netflix платформасы өзінің қосымшасына балаларға арналған Kids Clips функциясын енгізеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Сервис TikTok қосымшасына ұқсатылып жасалмақ. 

Бұл функция балаларға сервистің арнайы кітапханасынан қысқа роликтерді көруге мүмкіндік береді. Видео каталогы күн сайын жаңартылып отырады. Осылайша, Netflix YouTube пен TikTok-ты көбірек қолданатын жас көрермендерді өзіне тартуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін сервиске Fast Laughs опциясы енгізілген еді. Ол арқылы пайдаланушылар фильмдер мен телехикаялардың үзінділерін тамашалай алады. Kids Clips-те видеолар тігінен емес, көлденеңінен көрсетілмек.

Тағы бір қызығы, балалар бір күнде 10-20 видео көре алады. 

Netflix-тың жаңа функциясының қай күні шығарылатыны әзірге белгісіз.

Табиғат Нұрболат

Фото: Unsplash.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу