Нидерланды министрлері Израильге санкциялар дауына байланысты отставкаға кетті

399

Нидерландының Сыртқы істер министрі Каспар Велдкамп (NSC) Израильге санкциялар енгізу мәселесіне қатысты келіспеушіліктен кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Нидерланды министрлері Израильге санкциялар дауына байланысты отставкаға кетті Фото: Pinterest

Оның қадамын қолдап, партиядағы барлық министрлер де отставкаға шықты.

DW дерегінше, бұл жағдай Нидерланды саясатына айтарлықтай өзгеріс әкелмейді, себебі коалиция бұған дейін-ақ PVV партиясының кетуімен көпшіліктен айырылған еді. Қазір премьер-министр Дик Схоф басқаратын үкіметте тек VVD мен BBB қалды.

Даудың түп-төркіні – Велдкамптың Израильдің Газаға бағытталған қимылдарына қарсы қатаң шаралар қолдануды талап етуі.

Бұған дейін Нидерланды билігі Израиль министрлері Бен-Гвир мен Смотричті persona non grata деп жариялап, Шенген аймағына кіруіне тыйым салуды көздеген.

Таяу Шығыстағы қақтығыс 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге шабуылынан кейін басталған. Содан бері мыңдаған адам қаза тауып, жүздеген мың адам жараланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу