Нидерланды қазақтың бензиніне қызықты

811

Бес айда 77 мың тонна сұйық отын шетелге сатылды. 

Нидерланды қазақтың бензиніне қызықты

2019 жылы Қазақстан артылған өнімді Еуразиялық одаққа кірмейтін мемлекеттерге саудалай бастады. LS порталы берген дерекке сүйенсек, 2020 жылдың бес айында жалпы сомасы 86 млн долларды құрайтын 190 мың тонна бензин шетелге жеткізілді. 

Біздің мұнайға іргелес елдер ғана қызығушылық танытып жатқан жоқ, Грузия 23.8 тонна жанар-жағармай, Нидерланды 76.8 мың тонна (36.3 млн доллар) бензин алған. 

Еуропаға жақындау елдер тұрғанда Нидерланды қазақстандық сұйық отынға қызыққаны сарапшыларды таңқалдырды. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу