Нидерландыдағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылды

302

Дауылды желден туындаған қолайсыз жағдайларға байланысты Схипхол әуежайы жүздеген рейстерді тоқтатты. 

Нидерландыдағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылды Фото: Рамблер/новости

Нидерландының солтүстігінде пойыздардың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ANP-ға сілтеме жасап.

Нидерландыдағы дауылды жел әуе және теміржол қатынасының бұзылуына әкелді.  Амстердамдағы Схипхол халықаралық әуежайының сайтында хабарланғандай, жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-ге дейін (Астана уақытымен 19.00) ағымдағы метеорологиялық болжамдарға байланысты әуе айлағындағы трафик өте шектеулі болады.

"Қатты желдің мен жаңбыр авиакомпаниялардың ұшақтарының қонуы мен ұшуын айтарлықтай шектейді, яғни уақытша рейстер тоқтатылады деген сөз", - деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.

Кейінге қалдырылған рейстердің нақты саны ауа-райына байланысты болады, делінген хабарламада. ANP агенттігінің мәліметі бойынша, 300-ге жуық рейс тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу