Нигерия Германияға жыл сайын 850 мың тонна сұйытылған табиғи газды экспорттайтын болады

326

Бұл туралы келісімге 21 қарашада қол қойылды. 

Нигерия Германияға жыл сайын 850 мың тонна сұйытылған табиғи газды экспорттайтын болады Фото: inbusiness.kz

Жаңа келісім бойынша, Нигерия Германияға сұйытылған табиғи газдың (СТГ) жалпы импортынан 2%-ын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде Германия Нигериядағы жаңартылатын энергияға инвестицияны арттырады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты DW жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

21 қарашада нигериялық Riverside LNG компаниясы мен немістің Johannes Schuetze Energy Import фирмасының арасында жасалған өзара түсіністік туралы Меморандумға сәйкес, Нигерия Германияға жыл сайын 850 мың тонна сұйытылған табиғи газды экспорттайды. Болашақта компаниялар экспорт жеткізу көлемін 1,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Нигериядан Германияға алғашқы жеткізілім 2026 жылы басталады деп болжануда. Deutsche Welle агенттігінің мәліметтері бойынша, Германия өз кезегінде сол күні қол қойылған екінші өзара түсіністік меморандумы аясында, Нигериядағы ЖЭК пен технологияны дамытуға бағытталған жобаларға тағы 500 миллион доллар (458 миллион еуро) инвестициялауға міндеттенді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу