Нигерияда 80-нен астам адам ұрланды

705

Тергеу басталып кетті.

Нигерияда 80-нен астам адам ұрланды

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Сокото штатындағы қарулы шабуыл барысында 81 адам ұрланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 

Жергілікті депутат Амина Боз Альмустафаның айтуынша, мотоцикл мінген қаруланған адамдар Сабон-Бирни аймағында шабуыл жасаған. Ол бірнеше адамның жарақат алғанын мәлім етті. Қазір оқиға орнында қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталып кетті.

Нигерияның көптеген штаттарында адам ұрлап, ол үшін ақы талап ететіндерді өлім жазасына кесу қарастырылған. Бұған қарамастан қылмыстың бұл түрі басылар емес. Әсіресе Байелса, Дельта және Риверс сияқты оңтүстік штаттарда адам ұрлау өршіп тұр. Бұл штаттарда 2017-2021 жылдары аралығында ұрланған адамдарды қайтарып алу үшін 15 миллион доллар көлемінде қаражат төленген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу