Нигерияда "Боко Харам" лаңкестік тобы 35 мың адамды өлтірген

638

Лаңкестік ұйымның шабуылдары 11 жылдан бері жалғасып келеді.

Нигерияда "Боко Харам" лаңкестік тобы 35 мың адамды өлтірген Фото: 1kr.ua

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының қорытындысында айтылды.

игерияда "Боко Харам" лаңкестік тобының 2009 жылдан бергі шабуылдарының салдарынан 35 мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Адамавадағы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары кеңсесінің басшысы Элси Миллс-Тетти лаңкестік әрекеттер басталған 2009 жылдан бері елде 35 мыңнан астам адам қаза тапқан.

"Боко Харамның" Нигерияның солтүстік-шығысындағы Адамава, Борно және Йобе провинцияларындағы лаңкестік әрекеттері ел дамуына өте кері әсер етіп жатыр. Лаңкестік топ әрекет еткелі бері мыңдаған адам ұрланды", деді ол. 

Айта кетмсек, Нигерияда 2000 жылдардың басында құрылған "Боко Харам" содырлары 2009 жылдан бері жаппай зорлық-зомбылық әрекеттеріне көшкен. 2015 жылдан бері лаңкестік топ Камерун, Чад және Нигерде де шабуылдар жасай бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу