Нигерияда қарақшылар 100-ден астам бейбіт тұрғынды өлтірген

108

Нигерияның Бенуэ штатындағы Йелевата ауылында жантүршігерлік қырғын болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нигерияда қарақшылар 100-ден астам бейбіт тұрғынды өлтірген Фото: Amnesty International

Amnesty International құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, қарулы адамдар ауылға баса-көктеп кіріп, тұрғындарды өлтіріп, үйлерді өртеген. Көптеген отбасы үй ішінде тірідей жанып кеткен.

Оқиғадан кемінде 100 адам қаза тауып, ондағаны із-түcсіз жоғалды. Тағы жүздеген адам жараланды.

"Көптеген мәйіттер адам танымастай күйіп кеткен", — деп мәлімдеді құқық қорғаушылар.

Ұйым Нигерияның Бенуэ штатында қарулы шабуылдар саны күрт артқанын мәлімдеді. Бұл аймақта қарулы топтар бір жылдан астам уақыттан бері тұрғындарға қарсы қырғын ұйымдастырып келеді.

"Кейбір ауылдарға 10 ретке дейін шабуыл жасалған. Мұндай оқиғалар халықтың жаппай көшуіне алып келіп, азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді, өйткені қаза тапқандардың басым бөлігі — фермерлер. Нигерия билігінің зорлық-зомбылықты тоқтатуға шара қолданбауы адамдардың өмірі мен күнкөрісіне орасан зиян келтіріп отыр", — деді ұйым өкілдері.

TRT Global ақпаратына сәйкес, жергілікті полиция шабуылды растағанымен, нақты қанша адамның қаза болғанын айтпады. Қанды оқиғаны кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Дегенмен бұл аймақта малшылар мен диқандар арасындағы қақтығыстар жиі болады. Себебі жайылым мен жер, су үшін талас көп.

Фермерлер фулани этносының көшпелі малшылары егістіктерге мал жіберіп, өнімді құртатынына шағымданса, малшылар бұл жерлердің 1960-жылдардан бері өздеріне тиесілі екенін алға тартады.

Бенуэ штатындағы алғашқы шабуыл емес. Өткен айда дәл осы өңірде 20 адам, ал сәуірде көрші штатта 40-тан астам адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу