Нигерияда мұнай өндірісі тоқтауы мүмкін

1260

Дүниежүзілік экономикалық рецессияның кесірінен Нигерия өткізу нарығынан айырылған.

Нигерияда мұнай өндірісі тоқтауы мүмкін

Мұнай қоры ең бай әлемдегі он елдің ішіне кіретін Нигерия қара алтын өндірісін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business. 

Елдегі Ұлттық компанияның өкілдері мәлімдегендей, бұған дағдарыс себеп болуы ықтимал. Дүниежүзілік экономикалық рецессияның кесірінен Нигерия өткізу нарығынан айырылған. Әлемде Бренттің баррелі 25 доллардан сатылғанда, бұл елде шығарылатын Бонни Лайт қара алтыны 18 доллардан саудаланған. Ал сұраныс күрт төмендеп, шикізат қоры артып кеткесін баррелін тіпті доллардан сата бастаған.

Нигерияның компаниялары өндірісті тоқтатпау үшін жұмыскерлер санын қысқартып, зауыттармен келісімшарттарын қайта қарауда Алайда бұл да жеткіліксіз.Қара алтын өндірісі жандану үшін оның құны кем дегенде барреліне 30-40 долларға өсуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу