Нигерияда шіркеуге жасалған шабуылдан 50 адам қаза тапты

618

Қаскөйлердің аты-жөні анықталып жатыр.

Нигерияда шіркеуге жасалған шабуылдан 50 адам қаза тапты

5 мамырда Нигерияның оңтүстік-батысында орналасқан Ово қаласында содырлар Сент-Франциск католик шіркеуіне шабуыл жасап, салдарынан кем дегенде 50 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Олар шіркеу ғимаратының сыртындағы және ішіндегі адамдарға оқ жаудырған. Қаскөйлердің мұндай қадамға неліктен барғаны және олардың аты-жөні анықталып жатыр. 

Ондон штатының губернаторы оқиға болған жерге және зардап шеккендер түскен ауруханаларға барып қайтты. Ол шабуылды "үлкен қырғын" деп атап, қайталауына жол бермеу керек деп мәлімдеді.

Ел Президенті Мухаммаду Бухари шабуыл жасағандарды айыптады. Рим Папасы Франциск "мереке кезінде зардап шеккендер" үшін дұға етуге уәде берді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу