Нигериядағы су тасқынынан 50 адам қаза тапты

883

Джигава штатындағы жүздеген үй қирап қалған, мыңдаған тұрғын уақытша лагерьлерге орналастырылды.

Нигериядағы су тасқынынан 50 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстігіндегі Джигава штатында су тасқыны болып, салдарынан 50 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Елдің Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, штаттың 27 ауданында жауған нөсер жаңбыр мыңдаған адамның басқа жерге көшуіне әкеліп соқты. Джигава штатындағы жүздеген үй қирап қалған, мыңдаған тұрғын уақытша лагерьлерге орналастырылды.

Жергілікті билік апаттан зардап шеккендерге медициналық және гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр. Өткен айда Нигерияның Йоба штатындағы су тасқынынан төрт адам қаза тапқан еді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу