Никол Пашинян: "Армян тарапы ынтымақтастықтың барлық бағытын кеңейтуге дайын"

237

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян осылай мәлімдеме жасады.  

Никол Пашинян: "Армян тарапы ынтымақтастықтың барлық бағытын кеңейтуге дайын" Фото: akorda.kz

Никол Пашинян Астанадағы келіссөздерді жоғары бағалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қазақстан – біз үшін өте маңызды ел. Өйткені сын сәтінде Армения мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Алматыда кездесті. Бұл біз үшін өте маңызды болатын. Армения мен Әзербайжандағы бейбітшіліктің Алматы декларациясына негізделетіні баршаға мәлім. Оның саяси және символдық мәні зор. Осы ресми сапарымның нәтижесінде Армения мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгеніне қуаныштымын. Бұл өңірдегі ықпалдастықтың жаңа дәрежеге жеткенін көрсетеді, – деді Армения Премьер-министрі.

Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Президент мәртебелі мейманды "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу