Никол Пашинян: ЕАЭО-да ұлттық валютамен есеп айырысу үлесін ұлғайту қажет

881

Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян ЕАЭО елдері арасындағы саудада ұлттық валютамен есеп айырысу үлесін ұлғайту қажет деп санайды. Бұл туралы ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Никол Пашинян: ЕАЭО-да ұлттық валютамен есеп айырысу үлесін ұлғайту қажет

"Одақтың ішкі нарығын кедергісіз, шектеусіз дамытуға ерекше назар аудару қажет. Интеграциялық процестерді жандандыру және тереңдету ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын әртараптандыруға ықпал етеді. Бұл шара жаһандық экономикадағы құбылмалы дағдарыстың күшеюі жағдайында аса маңызды мәнге ие", – деді Никол Пашинян.

Армения Премьер-Министрінің мәлімдеуінше, экспортты әртараптандыру үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге батыл қадам жасау керек. 

"Біз ЕАЭО елдері арасындағы сауда мәмілелері бойынша есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесін үнемі ұлғайтудың стратегиялық міндетін жүзеге асыруға тиіспіз. Технологиялық тізбек, бірлескен инженерлік зертхана, технологиялық жүйе құру арқылы дамудың дара даңғылына шығуға болады. ЕАЭО-ның өнеркәсіптік әлеуетін арттыру өнеркәсіптік ортаны цифрландыру мен микроэлектрониканы дамытуға тікелей байланысты", – деді Никол Пашинян. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу