Ресей көршілерінің жерін даулауды ұлттық идеология етуі мүмкін

1278

Atameken Business телеарнасының "Шыны керек" бағдарламасында Ресей саясаткерінің қазаққа қарсы сөз болды.  

Ресей көршілерінің жерін даулауды ұлттық идеология етуі мүмкін

Ресей басшылығының сыртқы саясаты әбден былыққа батты. Енді не істерін білмей, басын тауға да, тасқа да ұрып тұяқ серпіп жатыр. Сондықтан Кремль Ресейдің әлем тарихындағы орнын бекемдеуге көшті. Тарихты ұлттық идеологияға айналдыру жолымен ғана ұлылығымызды паш етеміз, Батыс пен АҚШ-қа тарихымызбен сес көрсетеміз деген айықпас кеселге ұшырады. Кремльде отырғандар қызды-қыздымен тарих фактілерінің өңін мүлде теріс айналдыруға көшті. Олар қазақ, украин, беларус халықтарының атақоныстарын орыстың жері деп өңмеңдеуін қояр емес. Мұнысымен Ресей билігі әлем қауымдастығы алдында күлкіге қалуда және абыройдан жұрдай болуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу