NIS журналистер арасында байқау жариялады

1555

NIS журналистер арасында байқау жариялады

"Жаңа заманның жаңғырған мектебі" атты республикалық журналистік байқау жарияланды, деп хабарлайды "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған байқау жарияланды. Аталмыш байқаудың мақсаты – қазақстандық жиырма бірінші ғасыр мектебіне ақпараттық қолдау көрсету:  отандық және халықаралық үздік тәжірибелерді үйлестірген инновациялық мектептер құру, білікті мұғалімдер мен ұжымдардың кәсіби жетістіктерін еліміздің орта білім беру жүйесіне енгізу, қазақстандық мектептерді жаһандық білім кеңістігіне енгізу.

Байқауға 2017 жылғы 1 маусым және 2018 жылғы 1 маусым аралығында қазақстандық және шетелдік БАҚ-та жарияланған талдамалық материалдар қабылданады.

Байқау қорытындысы бойынша он жеңімпаз бен бес лауреаттың есімі аталады. Барлық жеңімпаздар мен лауреаттар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және кәдесыйлармен марапатталады. 

Толығырақ ақпаратты nis.edu.kz сайтына кіру арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу