Nissan 10 мың қызметкерін қысқартады

822

Мамыр айында компания 4,8 мың адамды жұмыстан босату туралы мәлімдеме жасаған болатын. Енді 5 мыңға жуық адамды тізімге қосып отыр. 

Nissan 10 мың қызметкерін қысқартады

Жапонияның автокөлік жасайтын Nissan компаниясы жақын арада он мың қызметкерін қысқартпақ. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары жариялады. 

Соңғы кездері компанияның қаржылық жағдайы нашарлап кеткен. Мәселен, 2018 жылы өнеркәсіптің негізгі қызметінен түскен операциялық пайдасы 40 пайызға төмендеген. Оның үстіне Еуропа мен АҚШ-та автоконцерн өнімін сатып алушылар саны азайған. Nissan өкілінің айтуынша, шетелдегі зауыттардың қызметкерлері қысқартылмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында компания 4,8 мың адамды жұмыстан босату туралы мәлімдеме жасаған болатын. Енді 5 мыңға жуық адамды тізімге қосып отыр. Осылайша автокөлік шығаратын кәсіпорын шығын көлемін азайтпақ.

Nissan-ның бұрынғы басшысы Карлос Гонның тұтқындалуы және оған қатысты бірқатар жанжалдан кейін автоконцерн компанияның ішкі құрылымын өзгертіп, ашық саясат жүргізуді қолға алған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу