Оның айтуынша, қазіргі таңда ғылым саласында бәсеке күшейіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мен бізде шынымен де үлкен серпіліс болатынына сенемін. Бірақ бәсеке артып келе жатыр. Азия елдері алға дамып кетті. Біз қазір білім беру және зерттеу үдерісіне жасанды интеллектіні дайындау және енгізу бағытында жұмыс атқарып жатырмыз, өйткені қазір көптеген ел жасанды интеллектіге басымдық беріп отыр", – деді министр Құрылтайда өткен баспасөз мәслихатында.
Министр бұл мәселеге оптимистік көзқараспен қарайтынын жеткізді.
Айта кету керек, бұған дейін ғылым саласында 51 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталғанын жазғанбыз.
Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.