Nokia компаниясы логотипін өзгертті

784

Nokia компаниясы 60 жылда алғаш рет логотипін өзгертіп, стратегиясын жаңартты.  

Nokia компаниясы логотипін өзгертті Фото: nokia.com

Бұл туралы компания президенті Пекки Лундмарк өзінің блогында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз стратегиямызды жаңартып жатырмыз және негізгі фактор ретінде логотипімізді де жаңартпақпыз. Алдыңғы логотиптің "күш-жігеріне" сүйене отырып, біз оны заманауи әрі цифрлық етіп жасадық. Сонымен бірге біз онда өз болмысымызды көрсететін боламыз", - делінген компания президентінің хабарламасында.

Лундмарк логотип Барселонадағы көрмеде ұсынылғанын және бүгінде ол барлық сайттар мен активтерде енгізіліп жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу