Nomad Way 2018 халықаралық көшпенділер мəдениетің фестивалі Астанада өтеді

1444

Nomad Way 2018 халықаралық көшпенділер мəдениетің фестивалі Астанада өтеді

Көшпелі халықтардың мəдени мұрасын сақтап, кеңінен таратуды мақсат еткен Nomad Way 2018 көшпенді мəдениеттің халықаралық фестивалі елордада маусымның 22 мен 24 аралығында Есіл өзені жағасындағы амфитеатрда өтеді.  Іс-шараны Қазақстан Республикасының мəдениет жəне спорт министрлігі The Spirit of Tengri жобасымен бірлесе Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырып отыр.

Nomad Way көшпенді мəдениеттің халықаралық музыкалық фестивалі бүгінде еліміздегі ең жарқын мəдени мерекелердің біріне айналды. Шараны 2017 жылы The Spirit of Tengri жобасы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Жыл сайын Қазақстан Ұлы Дала жеріндегі бауырлас халықтардың музыкалық мəдениетінің өкілдерін қарсы алады.

Биыл Nomad Way фестивалі көрермен назарына ethno-world жанрының ең танымал орындаушылары қатысатын 3 күндік шоу ұсынбақ.

Бұл фестивальдың басты ерекшелігі - əлемнің 20 мемлекетінен келетін əртістер негізгі бағдарламаларынан бөлек, қазақтың халық əндері мен шығармаларын да орындайды.

Фестиваль қонақтары мен көрермендері тек қана жанды дауыс, керемет жарық шоуы, дəстүрлі аспаптардың үніне толы, келушілерге ерекше энергия сыйлайтын 3 күндік музыка мерекесіне куə болады. 

Фестиваль көшпенді халықтардың мəдени мұрасын сақтап, танымал етуді мақсат тұтады.

Nomad Way фестивалінің қатысушылары өз елдерінің музыкалық мəдениетінің ең атақты өкілдері.

Биыл Астананың 20-жылдығына орайластырылып отырған Nomad Way 2018 фестивалінің сахнасына  Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен келген 19 өзгеше музыкалық ұжым шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу