Номиналы 2 мың, 5 мың және 10 мың теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімі аяқталды

1073

Ұлттық банк 2021 жылдың 1 ақпанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімі аяқталғанын хабарлады.

Номиналы 2 мың, 5 мың және 10 мың теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімі аяқталды

Айта кетсек, осы номиналдардағы банкноттарды ауыстыру мерзімі азаматтардың өтінішіне байланысты ұзартылған болатын. Айырбастау тек жеке тұлғалар үшін Ұлттық банктің филиалдарында 2020 жылдың 21 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 1 ақпанына дейін жүргізілді.

Банкноттарды ауыстыруға қатысты өтініштердің көп бөлігі Алматы қаласының (28,2%), Нұр-Сұлтан қаласының (9,5%) және Қарағанды облысының (7,5%) тұрғындарынан түскен.

"Айырбастауға қабылданған купюралардың негізгі үлесі номиналы 2 000 теңгелік (44,1% ) банкнотаға тиесілі болды, одан кейін 5 000 (30,9%) және 10 000 теңгелік (25,0%) банкноттар",– дейді бас банктен.

Ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстыру мерзімінің аяқталуына байланысты енді 2006 жылғы үлгідегі аталған номиналдағы банкноттар ел аумағында қабылдауға және айырбастауға жатпайды және төлем құралы болып саналмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу