Норвегия жасанды интеллектіні білім саласынан шектеуге көшті

202

Жаңа ережелер алдағы оқу жылынан бастап күшіне енеді.  

Норвегия жасанды интеллектіні білім саласынан шектеуге көшті Фото: facebook/thakrar.maulik

Норвегия бастауыш сынып оқушыларына жасанды интеллектіні пайдалану құқығын шектейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ел үкіметі нейрожелілер баланың оқу, жазу және есептеу дағдыларын меңгеруде кедергі келтіруі мүмкін деп мәлімдеді. Шектеулер 1-7 сынып аралығындағы оқушыларға қатысты болмақ.

Ал 14 пен 16 жастағы жеткіншектер жасанды интеллектіні тек мұғалімнің бақылауымен ғана пайдалана алады. Сонымен қатар елдегі мектептерде смартфондарға да шектеу қойылған. Жаңа оқу жылында Норвегия үкіметі мектептерде баспа кітаптарын көбейтуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу