Норвегияға Скандинавия тауларының ең биік нүктесіндегі еріп жатқан мұздықты жасанды қар көмегімен сақтау жобасын жүзеге асырмаса болмайтындай, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған бастаманы Галлхепигген жазғы тау шаңғысы курортының менеджері Пер Арне Воле көтеріп отыр. Оның сөзінше, жыл сайын шамамен 700 мың текше метр жасанды қар қосу мұздық жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік сыйлайды. Ол мөлшері 100-де 100 метрге және биіктігі 70 метрге жететін қар үйіндісі қажет екенін еске салды.
– Тек менің жұмысымның уақытында бұл бөліктегі мұздық деңгейі 17 метрге төмендеді. Ешқандай шара қолданылмаса, мұздық сегіз жылдан кейін толығымен жойылып кетуі мүмкін, – деді ол.
Мұздықтың жыл сайын миллион текше метрге дейін қар жоғалтатыны болжанған. Осы орайда, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМО) 2024 жылы мұздықтардың еруі мен теңіз деңгейінің көтерілуін жеделдеткен температура бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелгенін хабарлады.
Сондай-ақ, мұздықтың еруіне жылыну циклінің өзгеруі, жанартау атқылауы және атмосфераны салқындататын аэрозоль деңгейінің төмендеуі сияқты фактор әсер етуі ықтимал.