Норвегияда электромобильдер үшін көптеген жеңілдік бар

1346

Норвегияда электромобильдер үшін көптеген жеңілдік бар


Норвегияның Финней аралы – жан басына шаққанда әлемдегі ең көп электромобиль жүретін мекен. Себебі жасыл көлік иелері аралды құрлықпен байланыстыратын өткел арқылы тегін жүреді, деп хабарлайды 24.kz.
Ал жанар-жағармаймен қозғалатын көлік жүргізушілері үңгіржол салуға кеткен құнды қайтару үшін салық төлейді. Нәтижесінде әр электр көлігінің иесі жыл сайын 6 жарым мың еуро үнемдейді. Дегенмен билік елдің басқа да өңірлерінде электромобильдер үшін көптеген жеңілдік бар екенін айтады. Ал ресми дерекке сүйенсек, Норвегия экологиялық көлік саны бойынша әлемде алда. Олар елдегі көліктің 29 пайызын құрайды. Екінші орында 6,4 пайызбен Нидерланд тұрса, үшінші орында Швеция елі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу